Древний город Сыгнак Қызылорда облысында орналасқан ортағасырлық Сығанақ қаласы “Қазақстанның киелі жерлер картасына” енгізілді. Средневековый город Сыгнак, что находится в Кызылординской области включен в “Карту сакральных мест Казахстана”. Сол жердің сәулетті ғимараттары қайта қалпына келтірілді. Маңыздылығы жағынан Сығанақ Отырардан кейінгі екінші ұлы қала болғанын деректер растайды, XIV-XV ғасырларда Ақ Орданың бас қаласы және XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығының орталығы болып, Ұлы Жібек жолының бағытында орналасқан. 2003 жылдан бастап Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мамандары Сығанақ ескі қаланың орнында қазба жұмыстарын жүргізуде. Шығыс қақпасы және орталық мешіт бойынша қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қазба жұмыстары барысында ерекше жәдігерлер: құмыралар, зергерлік бұйымдар, сүйек пен қыштан жасалған бұйымдар табылды. Көне нысан ашық аспан астындағы мұражайға айналатынына археологтар сенімді. Бүгінгі таңда Сығанақ алдын ала ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне және “Жалпыұлттық киелі жерлер” тізіміне де енгізілген. ——— На его месте восстановлены архитектурные сооружения. Факты подтверждают, что Сыгнак по значимости был вторым великим городом после Отырара, в XIV-XV веках ставкой Ак Орды и в XVI-XVII веках центром Казахского ханства, и находился на маршруте Великого Шелкового пути. С 2003 года в городище Сыгнак ведут раскопки специалисты Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмета Яссауи. Уже завершены работы по реставрации восточных ворот и центральной мечети. При раскопках обнаружены уникальные экспонаты: кувшины, ювелирные украшения, изделия из кости и керамики. Археологи уверены, что древний объект превратится в музей под открытым небом. Сегодня Сыгнак внесен в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО и в список “Общенациональные сакральные объекты”.

Теги других блогов: археология Казахстан Сыгнак